Жастар тәжірибесі – жас мамандарға үлкен мүмкіндік
Жастар тәжірибесі – оқу орнын жаңа аяқтаған түлектерге алғашқы еңбек жолын бастауға арналған маңызды бағдарлама. Бұл жоба жас мамандарға өз мамандығы бойынша жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жұмыс берушілер де болашақ білікті кадрларды танып, олардың қабілетін бағалай алады.
Бүгінде жастар тәжірибесі көптеген жас түлектер үшін үлкен қолдау болып отыр. Бағдарлама аясында олар мемлекеттік мекемелерде, білім беру ұйымдарында, кәсіпорындарда және түрлі мекемелерде еңбек етіп, кәсіби дағдыларын дамытады. Бұл олардың еңбек нарығына тез бейімделуіне септігін тигізеді.
Жастар тәжірибесі – жұмыссыздықты азайтып, жастардың болашаққа сенімін арттыратын тиімді бастама. Сондықтан әрбір жас маман осындай мүмкіндікті пайдаланып, өз жолын сенімді бастауға ұмтылуы керек.




