Қасым-Жомарт Тоқаев Huawei компаниясының директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Жаңалықты бөлісіңіз:

Мемлекет басшысы Huawei компаниясының директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Huawei Technologies Co. LTD директорлар кеңесінің төрағасы Хуа Лянды қабылдады. Кездесуде заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдер саласындағы әріптестіктің перспективалары талқыланды.

Президент «Самұрық-Қазына» АҚ мен Huawei арасындағы телекоммуникациялық технологияларды енгізу және серверлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі стратегиялық келісімді құптады. Сондай-ақ, ІТ, жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау салаларында қазақстандық мамандарды даярлауға бағытталған компанияның білім беру бастамаларына назар аударылды.

Ақорда ресми телеграм-арнасы – http://t.me/aqorda_resmi

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *