Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау аясында әлеуметтік сала мен еңбек нарығын трансформациялау жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекет жыл сайын 4,5 млн азаматты әлеуметтік төлемдермен қамтып, өз міндеттемелерін толық орындап отыр. 2025 жылдың 7 айында 3,4 трлн теңге төленді. Оның ішінде:
2,5 млн зейнеткерге – 2,5 трлн теңге;
542 мың мүгедектігі бар адамға және 195 мың отбасыға – 382 млрд теңге;
613 мың көпбалалы отбасы мен 243 мың марапатталған анаға – 354,5 млрд теңге;
бала тууы мен күтіміне – 61,8 млрд теңге;
басқа төлемдерге – 102 млрд теңге.
Әлеуметтік қолдау енді нақты қажеттілік критерийлеріне негізделеді. Шымкент пен Қарағанды облысында жаңа скорингтік модель сынақтан өтуде. АӘК алушыларға медианалық табыс көрсеткіші ескеріліп, кірістермен қатар шығыстар да есепке алынады. Биыл 48 мың отбасы 18,6 млрд теңге АӘК алды.
Жүйенің технологиялық негізі – «Бірыңғай цифрлық платформа және Отбасы картасы». Ол мемлекеттік деректерді талдап, мұқтаж отбасыларды автоматты түрде анықтайды. Бүгінде 128 қолдау орталығы мен 32 мыңнан астам мобильді топ жұмыс істеуде. Осылайша 4 мыңнан астам отбасы кешенді көмекке қол жеткізді.
Толығырақ Primeminister.kz сайтында.