Президент: Мәдениет пен тәрбие – ұлттың рухани тірегі

Жаңалықты бөлісіңіз:

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның рухани жаңғыруы мен мәдени өрлеуінің ең басты негізі – әрбір азаматтың ішкі мәдениеті мен отбасындағы тәрбиеден басталатынын атап өтті. Президенттің айтуынша, ұлттың дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, рухани кемелдікпен, адамгершілік құндылықтармен және өзара сыйластыққа негізделген қоғам қалыптастырумен өлшенуі тиіс.

📍 «Озық ойлы ұлт болу үшін мұндай жағымсыз әдеттен түбегейлі арылуымыз керек. Ұлы Абай “Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос” деп бекер айтпаған. Мәдениет пен әдеп, тәрбие мен тәлім әрбір азаматтың, әрбір отбасының өзінен басталуы қажет», – деді Президент.

Бұл сөздер – бүгінгі қоғамға үлкен ой саларлық үндеу. Ел ішінде бірлік пен өзара түсіністік орнамай, мәдениет пен парасат биігіне жету мүмкін емес. Сондықтан әрбір адам өзгеге құрметпен қарап, өз ісіне жауапкершілікпен қарағанда ғана еліміздің рухани әлеуеті артады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, қоғамдық мәдениеттің бастауы – отбасыдан. Баланың бойына сыпайылық, еңбексүйгіштік, елін сүю және әділдік қасиеттерін сіңіру – ата-ананың ең басты міндеті. Ал мектеп пен қоғам бұл құндылықтарды әрі қарай дамытып, тұлғаның рухани өсуіне жағдай жасауы тиіс.

Бүгінде еліміздің басты мақсаты – заманауи технологиялармен қатар, рухани жаңғыруды да ұштастыра отырып, озық ойлы, мәдениеті жоғары ұлт қалыптастыру. Президент айтқандай, мәдениет пен әдеп – қоғамдағы тәртіптің, тұрақтылықтың және өзара сыйластықтың кепілі.

📍 «Нағыз мәдениетті адам – ол тек білімді емес, сонымен қатар жүрегі таза, ниеті түзу, өз ортасына ізгілік дәнін себетін тұлға. Мұндай азаматтар көбейген сайын мемлекет те, қоғам да гүлдене түседі», – деген Президент ойы қазіргі заманның басты ұстанымына айналуы тиіс.

Мәдениетті ұлт – бәсекеге қабілетті ұлт. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы өзінен бастаған рухани тазалық арқылы ортақ болашағымызға үлес қосуы керек.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *