жаңалық
Пт. Мар 21st, 2025

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ұлытау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасарының м.а. Асель Битаеваның қатысуымен брифинг өтті

Жаңалықты бөлісіңіз:

Брифинг барысында Наурыз мейрамы кезіндегі тамақтан улану және жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Мерекелік іс-шаралар кезінде тамақтан улану және жұқпалы аурулардың алдын алу

Наурыз мейрамы – халқымыздың асыға күтетін ұлттық мерекесі. Бұл мереке дастарханның молшылығымен ерекшеленеді: наурыз-көже, бауырсақ, бесбармақ, қазы, шұжық, қуырдақ, жент және басқа да тез бұзылатын өнімдер кеңінен қолданылады. Алайда, тағам өнімдерін дұрыс сақтамау мен дайындау ережелерін сақтамау тамақтан улану мен жұқпалы ауруларға әкелуі мүмкін.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ұсыныстары

Іс-шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға:

  • Адамдардың шектен тыс жиналуын болдырмау үшін мерекелік алаңдарды бірнеше бөлек орындарға орналастыру;
  • Тағам өнімдерін дайындау және тарату кезінде санитарлық талаптарды сақтау;
  • Үйде дайындалған өнімдерді сатуға тыйым салу;
  • Сатушылар арнайы киімде болуы тиіс, жеке гигиена талаптарын сақтап, өнімдерді бір реттік ыдыста сатуы керек;
  • Қалдықтарды жинау және уақтылы шығару шараларын ұйымдастыру.

Халыққа:

  • Қауіпсіз тағамдарды таңдаңыз, әсіресе балаларға арналған тағамдардың сапасына мән беріңіз;
  • Тамақ өнімдерін сатып аларда олардың сапасын растайтын құжаттарға назар аударыңыз;
  • Тез бұзылатын өнімдерді тиісті температуралық режимдерде сақтаңыз.

Ұйымдастырылған ұжымдарда (мектептер, балабақшалар):

  • Ата-аналар мен білім беру мекемелерінің әкімшілігі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үйде дайындалған тағамдарды тұтынуға тыйым салуы қажет. Себебі, олар дұрыс сақталмаған жағдайда жаппай улануға әкелуі мүмкін.

Ауру белгілері және алғашқы шаралар

Егер улану белгілері (құсу, жүрек айну, іштің өтуі, дене қызуының көтерілуі) байқалса, дереу дәрігерге жүгініп, өз бетінше емделмеу қажет.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *