Сөз 9-баптың 2- тармағы туралы.
Осы тармақты Конституциядан мүлдем алып тастау керек деген талап қойылып жатқанынан хабарымыз бар. Бұл түсінуге болғанмен, қолдауға келе қоймайтын талап деп ойлаймын. Өйткені, алып тастағаннан ұтарымыз жоқ. Бірақ, бұл сөзіміз 2— тармақты сол күйінде қалдыру керек дегенді білдірмейді.
Қалай болғанда да нақты жағдайды ескерген абзал.
МЕНІҢ ҰСЫНЫСЫМ:
9-бапқа өзгеріс енгізу туралы
9-баптың 1-тармағы мен 3-тармағы өзгеріссіз қалдырылсын.
9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жеке тұлғалардың жазбаша немесе ауызша өтініштері бойынша орыс тілін қолдануға жол беріледі».
Меніңше,бұл жеке тұлғалардың орыс тілін қолдану мүмкіндігін көздейді және мемлекеттік тілдің мәртебесіне нұқсан келтірмейді, ешкім тілдік кемсітушілік бар деп айта алмайды. Олай деуге ешқандай негіз жоқ. Ең бастысы,егер осылай жазсақ, ешқандай тіл, кейбір кісілер ұсынып жатқандай халықаралық тілдер де мемлекет тілімен тең қолданылмайтын болады.
Ал, мүлдем алып тастау міндетті түрде кері реакция тудырады. Сол керек пе сізге?
Абдолла Дастанов,
ҚР Ақпарат саласының үздігі




