Меморандум өңірдегі бизнес қауымдастығына өрт қауіпсіздігі талаптары мен мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру бойынша әдістемелік көмек көрсету, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалануға беру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында жасалды.
Меморандум аясында ведомствоаралық жұмыс тобын құру жоспарлануда.
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Гулмира Каженова, кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойыншы әдістемелік көмек көрсету және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін сақтатаудың маңыздылығын атап өтті.





