Жеңіс паркінде өткен «Music Land» атты жастар кеші қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады.
Ашық микрофон, караоке, флешмобтар, шексіз би мен қуанышты эмоциялар — бәрі бір арнада тоғысты. Кешке келгендер ерекше көңіл-күймен тарқасты.
Жастар өз таланттарын көрсетіп, бірге ән шырқады, түрлі ойындар арқылы жаңа таныстық орнатты.
Мұндай шаралар бірлікті нығайтып, жастардың шығармашылығын шыңдай түсетіні сөзсіз. Барша қатысушыларға алғыс білдіріледі!