«МЕНІҢ ДАУЫСЫМ – МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ»

Жаңалықты бөлісіңіз:

Жезқазған қаласындағы Тау – кен колледжінде  осындай тақырыппен Дүниежүзілік сайлау күніне арналған студенттер арасындағы  байқау болып өтті.

Студенттердің сайлау туралы білімдерін тексеру және кеңейту, сайлау жүйесінің демократиядағы рөлін түсіндіру, викториналық ойын арқылы жастарды азаматтық жауапкершілікке баулу мақсатын көздеген байқау шынында да қызықты әрі тартымды өтті.

Бес кезеңнен тұрған байқауға қаатысушылар  3 топқа бөлініп, өзара білімі мен білігін сайысқа салды.

-Бұл байқуды өткізудегі мақсат –жастардың  еліміздегі және шет елдердегі сайлау жүйесіне деген көзқарастарын байқау болды. Олар сайлау жүйесін қаншалықты біледі? Өздерінің құқықтарын қалай пайдаланып жүр? Міне, осындай және басқа да сұрақтарға жауап табу арқылы олардың  сайлау туралы түсініктерін молайтуды көздедік –дейді Ұлытау облысы аумақтық сайлау комиссияның мүшесі  Анастасия Устюгова.

Ешкім де қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Сайлау –қоғамдағы қозғаушы күштердің бірі. Ал, жастар – елдің ертеңі. Ендеше, жастардың сайлау жүйесі жөнінде жан-жақты білім –білігі болғаны керек –ақ.

І. Түсіп.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *