3 қыркүйекте Ұлытау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде оқушылардың дұрыс тамақтануы бойынша брифинг өтті. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Орынай Жұбатова мектеп асханаларындағы ас мәзірі балалардың жас ерекшелігіне сай, сапалы әрі қауіпсіз болуы тиіс екенін атап өтті. Тағамдар екі сағаттан артық сақталмайды, бір күннен қалған тамақтарды қайта пайдалануға қатаң тыйым салынған. Ата-аналар да үй жағдайындағы мәзірді салауатты тамақтану қағидаларына сәйкестендіруі қажет.