Сәтбаев қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аманкелді Құрақбай елімізде өтіп жатқан ірі саяси науқан тұсында халыққа шынайы ақпарат жеткізудің маңыздылығына тоқталды.
- Сондықтан, сіздердің әрбір ақпаратқа барынша мұқият болғандарыңыз абзал. Өздеріңізді манипуляция жасауға да жол беріп алмаңыздар. Қандай мәселе туындаса да, тікелей хабарласып, кез келген ақпаратты нақтылап алуыларыңызға болады. Бұл ретте менің өзім де, бөлім қызметкерлері де сіздерге көмектесуге әрқашан әзір. Журналистер жалған ақпараттардың жарияланып, таралып кетуіне жол бермейді деген сенім білдіремін –деді Аманкелді Қайратұлы.

Аймақ ақшамы» газетінің бас редакторы Абдолла Дастанов, «Шарайна» газетінің бас редакторы Ізтай Бейсенбаев, «Ақшам» телеарнасының бас редакторы Алтынкүл Төлегенова және т.б. мәселенің орынды екендігін атап өтті.
Конституцияда әркімнің сөз және шығармашылық еркіндігіне құқығы бар екені әрине, белгілі. Бірақ, бұл жалған ақпарат таратуға жол беруге болады дегенді білдірмейді. Заңмен тыйым салынған ақпаратты таратпау, басқа тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, қоғамдық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті сақтау қажеттігі туралы ойлар, ұсыныс, пікірлер ортаға салынды.





