«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Сәтбаев қалалық мүшелері Жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгін қалалық коалиция мүшелері қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Маратұлы Балмағамбетов, облыстық мәслихат депутаты Токимбаев Ержан Аманжолұлы және AMANAT партияның Сәтбаев қалалық филиалының атқарушы хатшысы Шоқпытов Асқар Аманжолұлы қаламыздың жылу және сумен жабдықтау кәсіпорының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кәсіпорының қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Қалалық коалиция мүшелерінің Жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызын кеңінен түсіндіру жұмысы алдағы уақытта өз жалғасын табады.




