Кездесуге Б.Ш. Бекежанова, Ж.С. Рысбеков және А.Ү. Исина қатысып, конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталды. Жиын барысында Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің әлеуметтік маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.


Мәдениет саласы қызметкерлерінің қоғамдағы орны ерекше екені атап өтілді. Өйткені рухани құндылықтарды насихаттау, ұлттық сананы қалыптастыру және ел бірлігін нығайту – мәдениет саласы мамандарының тікелей міндеті. Сондықтан конституциялық өзгерістердің мәнін терең түсіну және оны халыққа дұрыс жеткізу аса маңызды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Мұндай диалог алаңдары құқықтық сауаттылықты арттырып қана қоймай, азаматтық белсенділікті күшейтуге ықпал етеді.
Жаңа Конституция – еліміздің әділетті әрі прогрессивті даму жолындағы маңызды қадам.




