Астанада өткен сараптамалық клуб отырысында жаңа Конституция жобасы жан-жақты талқыланды. Қатысушылардың пікірінше, бұл құжат саяси жаңғырудың келесі кезеңін айқындайды.
Ерекше назар Қазақстан Халық кеңесіне аударылды. Сарапшылар бұл орган азаматтық қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып, халықтың заң шығару бастамасына қатысуын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Партиялық жүйені жаңарту мен бір палаталы парламент құру бастамалары саяси жауапкершілік пен ашықтықты арттыруға бағытталған.
Жиын қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар мемлекеттік органдарға жолданады.




