11 ақпанда Астанада Еуразиялық интеграция институтының алаңында жаңа Конституция жобасына арналған сараптамалық кездесу өтті.
Сарапшылар мемлекеттік басқару жүйесі, бір палаталы парламент, партиялық жүйе және Қазақстан Халық кеңесінің құрылуы мәселелерін талқылады. Айтылған пікірлерге сәйкес, Халық кеңесі азаматтық қоғамның шешім қабылдауға қатысуын күшейтеді.
Сонымен қатар, ғылым мен инновацияны конституциялық деңгейде бекіту елдің стратегиялық дамуына серпін беретіні атап өтілді.
Кездесу нәтижесінде ұсыныстар пакеті әзірленді.




