Порт-жүйе — тері астына орналастырылатын арнайы медициналық құрылғы. Ол химиотерапия кезінде дәрілерді қауіпсіз және тиімді енгізуге мүмкіндік береді.
Бұл — кішкентай резервуар мен үлкен венаға жалғанатын катетерден тұратын жүйе.
💡 Не үшін қажет?
✔️ Бұғана асты венасына катетеризация санын азайтады
✔️ Веналарды тітіркенуден қорғайды
✔️ Магистральды тамырға тұрақты жол ашады
✔️ Ұзақ уақытты емдеуге қолайлы
📍 Қалай жұмыс істейді?
Құрылғы кеуде терісінің астына кішігірім «түймеше» ретінде орналастырылады. Медбике немесе дәрігер арнайы ине арқылы портқа қосады да, дәрілерді тамырға жібереді.
🩹 Күтімі:
📌 Теріні күнделікті тексеру
📌 Арнайы стерильді өңдеу
📌 Құрылғыны дұрыс жауып ұстау
📌 Механикалық бітеліп қалудан сақтау үшін жиі тазалау
📢 Маңызды
Порт-жүйені орнату тек дәрігердің бақылауымен стационарда жүргізілуі тиіс.
Қарағанды қаласы онкологиялық диспансерінен келген анестезиолог - реаниматолог маманның қатысумен өткен шеберлік сабағы шеңберінде 8 пациентке порт-система орнатылды.
Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі




