Бүгін Сәтбаев қаласындағы Достық Үйінде Алғыс айту күніне арналған іс-шара болып өтті.
Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Дархан Мұхан құттықтау сөз сөйледі,қоғам жұмысына белсене қатысып жүрген бірқатар азаматтарға қала әкімінің Алғыс хаты мен ақшалай сыйлығын табыстады. Марапатталғандар арасында Сәтбаев қаласы әкімдігі жанындағы ҚХА Ақсақалдар Кеңесінің мүшелері Өмірхан Құдаспаев, Ибраһимғабидолла Әлкеев, Іргебай Әбдікәрімов бар.
Әртүрлі ұлт өкілдері лебіздерін білдіріп, әндер шырқады.
Кеш соңында Сәтбаев қаласы әкімдігі жанындағы ҚХА Ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Өтеш Ахметов, Кеңес мүшесі Жайық аға Мұңсызбаев және т. б. құттықтау сөз сөйлеп, Кеңес атынан Достық Үйі ұжымына Ақсақалдар алғысын жеткізіп, арнайы әзірленген тортты сыйға тартты.
Алтау болып ала болғанша, тату-тәтті тірлікті тірек тұтуға пейілді төртеу түгел болсын!




