Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекованың төрағалығымен жергілікті ақсақалдар кеңесінің, депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.
Жиын барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның негізгі бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген жаңа Конституция жобасының ашық әрі жария түрде қоғамдық талқылаудан өткені атап өтілді.

Конституциялық реформа «Әділетті Қазақстан» қағидаттарына негізделіп, заң мен тәртіпті нығайтуға, адал азамат пен таза қоғам құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Жаңа жоба аясында бір палаталы Парламент – Құрылтай моделі ұсынылып, қоғамдық диалогты күшейтетін жаңа институттарды енгізу көзделген. Сонымен қатар, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар тек референдум арқылы енгізілетіні белгіленді.
Кездесу барысында конституциялық реформаның мәні мен маңызын халық арасында кеңінен түсіндіру қажеттігі ерекше атап өтілді.
Ақсақалдар, қоғамдық белсенділері және блогерлер конституциялық реформаға қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.





