
ҚР ІІМ орынбасары Айдар Сайтбеков облыстық полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға таныстырды. Бұл қызметке полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев тағайындалды.
Айдар Сайтбеков жаңа басшының ішкі істер органдарындағы көпжылдық тәжірибесіне тоқталып, өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қылмыспен күресті күшейтуге қатысты бірқатар тапсырма берді.
Нұрхат Оразбаев 1968 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ол Гурьев педагогикалық институтын аяқтаған. Ішкі істер органдарында 1991 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Әр жылдары түрлі жедел және басшылық лауазымдарда еңбек еткен.
Жиын барысында Ішкі істер қызметінің ардагері , полковник А.Мұқатаев облыстық полиция департаментінің жаңа басшысына сәттілік тіледі.




