Бүгінде елімізде 13 қысқы олимпиадалық спорт түрі дамуда: конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, биатлон, керлинг, шаңғы жарысы, тау шаңғысы, фристайл (могул, акробатика), сноуборд, шаңғы қоссайысы, трамплиннен шаңғымен секіру, шайбалы хоккей және ски-альпинизм.
Ұлттық құрамалар дайындықтың барлық кезеңдерінен өтті – сапалы жаттығулар мен шетелдік оқу-жаттығу жиындарынан бастап халықаралық жарыстарға қатысуға дейін. Қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық командалар барлығы 612 оқу-жаттығу жиынын өткізді, спортшылар 434 халықаралық жарысқа қатысты.
Дайындық сапасын арттыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде Нидерланды, Польша, Германия, Румыния, Ресей, Беларусь, Болгария және Словениядан 13 әлемдік деңгейдегі шетелдік жаттықтырушы-консультанттар тартылды.
Төрт жылдық олимпиадалық циклді қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ бюджеттен тыс және демеушілік көздер есебінен 13,3 млрд теңгені құрады. Бөлінген қаражат спорттық құрал-жабдықтар мен жабдықтар сатып алуға, спортшы-нұсқаушылар мен жаттықтырушылар құрамына еңбекақы төлеуге, шетелдік мамандарды қоса алғанда, медициналық-фармакологиялық қамтамасыз етуге, халықаралық старттар мен лицензиялық турнирлерге қатысуға, ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуге және оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бағытталды.
Қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық құрамаларды даярлау Мемлекет басшысының спорт саласын жаңғырту және жоғары жетістіктер спортының нәтижелілігін арттыру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жүзеге асырылады. Туризм және спорт министрлігі қысқы спорт түрлерін дамытуға және елдің спорт резервін нығайтуға бағытталған жүйелі шараларды іске асыруды жалғастырады.




