Қазақстандық спортшылар ел намысы үшін бірліктің және ортақ жауапкершіліктің бейнесі болып табылады. Ұлттық құраманың барлық спортшылары миллиондаған отандастарын ортақ олимпиадалық мұраттар төңірегінде біріктіріп, бір тудың астында жарысқа шығады.
Әлемдік спорт алаңдары спортшылардың жеке жетістіктері бүкіл халықтың ортақ жетістігіне айналатын кәсіпқойлықты көрсету үшін кеңістік ретінде қызмет етеді. Бұл тұрғыда спорт күшті біріктіруші фактор ретінде әрекет етеді: қазақстандық спортшы құрмет тұғырына көтерілгенде, оның жеңісі бүкіл елдің жеңісі ретінде қабылданып, әрбір азаматтың шынайы мақтанышын оятады.
Құндылықтардың бұл сабақтастығы тәуелсіз Қазақстанның олимпиадалық қозғалысының тарихында көрініс табады. Ондаған жылдар бойы ту ұстаушының құрметті миссиясы өз еңбектерімен ұлт батырларына айналған спортшыларға сеіп тапсырылды. Әр жылдары ойындардың ашылуында мемлекеттік туды В. Смирнов, О. Рыпакова және А. Ажгалиев сияқты көрнекті шеберлер алып жүрді.
2020 жылдан бастап Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары екі адам – ер мен әйел, О. Рыпакова мен Қ. Құнқабаев болды, 2022 жылы туды Е.Айдова мен А. Ажгалиев алып жүрді. Биыл Қазақстанның туын Д. Никиша мен А. Амренова ұстайтын болады.
Туды алып жүру – бұл тек спорттық нәтижелер ғана емес, сонымен қатар бедел, құрмет және үлгі. Д. Никиша өз бойынша мықты тәжірибені, жетістіктерді, тәртіпті және мінсіз беделді үйлестіреді. Оның есімі тарихи жетістіктермен және қазақстандық шорт-тректің өсуімен байланысты, бұл оны Миландағы Олимпиада ойындарында ту алып жүруші рөлге тамаша үміткер етеді.
Әр түрлі спорт түрлеріне және этникалық алуантүрлілікке қарамастан, олардың барлығы біртұтас халықтың өкілдері ретінде әлемдік аренаға шықты. Біздің жеңістеріміздің тарихи жолы ту ұстаушыларды таңдау өлшемшарты әрқашан қазақстандық спортшылардың спорттық шеберлігі мен кәсіби жетістіктері болып қалғанын растайды.
Ұлттық құраманың әрбір қатысушысы, ең алдымен, жетістіктері мемлекет мүдделерімен тығыз байланысты отандық спорт мектебінің тәрбиеленушісі болып табылады. Біздің спортшыларымыздың құрметіне мемлекеттік туды көтеру және әнұранды орындау спортшы мен ел арасындағы терең байланысты көрсетеді, бұл халықаралық қауымдастыққа бірлігіміздің беріктігін және ортақ ұлттық құндылықтарға берілгендігін дәлелдейді.




