Бұл жолғы жиын дәстүрлі форматтан шығып, тың тәсілдер мен ашық коммуникацияға негізделді.
2,5 сағатқа созылған кездесу барысында қала дамуына қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар ашық айтылды.
Ең бастысы – қолжетімділік.
Биыл алғаш рет енгізілген онлайн қабылдау форматы жиынның ауқымын кеңейтті.
Кездесуге келе алмаған тұрғындар WhatsApp арқылы бейнеқоңыраумен тікелей қосылып, өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Анонимді сұрақ – ашық пікір.
Залда орнатылған QR-код арқылы тұрғындар анонимді түрде сұрақ жолдап, өз ойларын еркін жеткізе алды.
Бұл – сенім мен ашықтықтың айқын көрінісі.
Бұл жиын жыл бойы енгізілген жаңашылдықтардың қорытындысы ғана емес, сонымен қатар тұрғындармен ашық диалог орнатудың жаңа деңгейі болды.





