Ернұр Ерболұлы 2021 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің Өнер бакалаврын тәмамдаған. «Жайдарман» ойындарының қатысушысы, сценарист, Халықтық «Шаңырақ» театрының актері, Жұлдыз лигасында медиа команданың жетекшісі, негізін қалаушы. «Хабар» телеарнасының бағдарлама редакторы, «Шалқар» радиосы «Сұңқар» радиостудиосының жүргізуші-редакторы болған.
Еңбек жолын 2017 жылы Астана қаласындағы «Mega Show Technik» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде PR маманы болып, 2020 жылдан бастан бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2023–2025 жылдар аралығында «Жезқазған қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде бас маман, бөлім басшысы қызметтерінде жұмыс істеді. Осы тағайындауға дейін аталған бөлімнің басшысы лауазымын атқарды.
Жамел Ернұр Ерболұлына жаңа қызметінде табыс, шығармашылық табандылық пен ел игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік тілейміз!




