29 желтоқсан күні облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер клубы мен медиация орталығының қорытынды отырысы өтті. Жиын барысында өткен кезеңде атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жоспарлар айқындалды.
Күн тәртібінде 2025 жылы жүзеге асырылған іс-шаралардың қорытындысы шығарылып, этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған медиа-жобалар кеңінен талқыланды. Қатысушылар бұл бағыттағы ақпараттық жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, тәжірибе алмасу арқылы тиімді бастамаларды одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар отырыс барысында Журналистер клубы мен медиация орталықтарының өзара іс-қимыл алгоритмі таныстырылды. Қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтаудағы ақпарат құралдары мен этномедиацияның рөлі ерекше екені айтылып, алдағы кезеңге арналған нақты жоспарлар мен 2026 жылға дейінгі жаңартулар белгіленді.
Жиын соңында алдағы жылы Журналистер клубы мен этномедиация орталығы кәсіби, жүйелі және бірлескен жұмысты жалғастырып, этносаралық татулық пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған жобаларды іске асыруды жалғастыратыны атап өтілді.




