Мұсылмандар, ұмытпайық біз мұны,
Рәтбек қажы - бүгінгі сөз тұздығы.
Болған екен өзгелердің қолында,
Басқа - басқа, дініміздің тізгіні.
Осы кісі қиыр - шиыр жол жүріп,
Ұлт намысын жігеріне жондырып.
Ашқан елде дербес Діни басқарма,
Кремльді дегеніне көндіріп.
Көрген жұртпыз небір заман дүрмегін,
Артық болмас бұл жайды да білгенің.
Рәтбек қажы төрімізде тіктеген,
Бас мүфтий боп дініміздің діңгегін.
Сол салада ерен еңбек атқарып,
Қалды аты жүрегінде ел жатталып.
Тұңғыштардың тізімінен сол Тұлға,
Кетті дей ме бақилыққа аттанып ?
Болғаннан соң қолдаушысы салтымның,
Мен де ортақпын қайғысына халқымның.
Ұлытаудан өлең - дұға арнадым,
Жаны болсын жәннатта деп марқұмның.
Мұқаш СЕЙТҚАЗИНОВ,
Ұлытау ауданының Құрметті азаматы.
ҰЛЫТАУ.
17.01.2026





