15 ақпанда Жезқазған қаласында 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында классикалық, рапид және блиц шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады. Бұл додада халықаралық аренаға шығатын үздіктер анықталады.
Классикалық шахмат бойынша жеңімпаз атанған үздік ұл мен қыз 2026 жылы өтетін ерлер немесе әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының финалында өнер көрсету құқығына ие болады. Сонымен қатар, дәл осы чемпиондар 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жолдама алады.
Аталған әлем біріншілігі қыркүйек айында Перу елінде өтеді.
Ал екінші орын иегерлері Азия чемпионатына қатысу мүмкіндігін алады. Мұндай жоғары бәсеке турнирдің тартысын одан әрі күшейте түседі.
Жарыстар швейцар жүйесі бойынша 9 турда өтеді. Уақыт бақылауы да ойыншыларды барынша ширатпақ:
· Классика — 60 минут + әр жүріске 30 секунд (алғашқы жүрістен бастап);
· Рапид — 10 минут + 5 секунд;
· Блиц — 3 минут + 2 секунд.
Жалпы жүлде қоры — 2 400 000 теңге.
Классикада ұлдар мен қыздар арасында жүлделер келесідей бөлінеді:
· 1 орын — 270 000 теңге;
· 2 орын — 210 000 теңге;
· 3 орын — 120 000 теңге.
Рапид пен блицте үздік үштік тиісінше 150 000, 100 000 және 50 000 теңгеден алады.
Чемпионатқа 120 қатысушы, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалалары бар 20 өңірден келген спортшылар қатысады.
Салтанатты ашылу рәсімінің өткізілу күні: 16 ақпан, сағат 10:00.
Өтетін орны: Жезқазған қаласы, «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Бейбітшілік даңғылы, 36
БАҚ өкілдерінің жиналуы: 09:00
Аккредитация бойынша байланыс: Абылай Исин, +7 706 69 33 661
Бұл чемпионат — жай ғана турнир емес, қазақстандық шахматтың болашақ аңыздары қалыптасатын шынайы ұстахана. Жезқазғанның қақ ортасында жас дарындар өз арманы үшін шайқасады: классикадағы жеңімпаздар 20 жасқа дейінгі юниорлар арасындағы әлем чемпионатына алтын жолдама алып, елдің ең мықты ересек шахматшыларымен бір тақтада ойнау мүмкіндігіне ие болады. Ал екінші орын Азия чемпионатына есік ашады, бұл — құрлықтың үздік жас ойыншыларымен күш сынасу деген сөз.
Жезқазғанда жаңа чемпиондардың қалай дүниеге келетінін көремізӘр жүріс, әр цейтнот, тақтаға қадалған әрбір көзқарас — әлемдік аренаға, даңққа апарар бір қадам.




