Сәтбаев қалалық мәдениет және тілдрді дамыту бөлімінің «Ұрпаққа айтарым бар» жобасы аясында ұйымдастырылған шарада ғұмыр жолы өнегеге толы, парасаты мен қайраты қатар өрілген Ардақты аналар ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлі, отбасының берекесі мен бірлігі, аналық махаббаттың шексіз құдіреті жайында терең ойын ортаға салып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Әрбір айтылған сөзден шынайылық пен жан жылуы сезіліп, санаға ой салды. Әңгіме барысында ұлттық тәрбиенің мәні, салт-дәстүрдің сабақтастығы, ұрпаққа берілер рухани мұраның маңызы кеңінен қозғалды. Аналардың ақыл-кеңесі келешек ұрпақтың санасын қалыптастыруда таптырмас құндылық екені айқын.
Ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды дәріптеуді, аналардың еңбегін ұлықтауды мақсат еткен бұл мазмұнды кездесу ақ дастархан басында жалғасып, аналардың ақ батасы мен ізгі тілектеріне ұласты.




