Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай үстел теннисінен жасөспірімдер, қыздар және ересектер арасында Жезқазған қаласының біріншілігі өтті.
Қалалық жарысқа 50-ден астам спортшы қатысып, қатысушылардың жас ерекшелігі 6 жастан 69 жасқа дейінгі аралықты қамтыды.
Мерекелік турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық спорт бөлімінің мадақтамалары, медальдары және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
Қалалық біріншіліктер арқылы болашақта қала намысын қорғайтын үздік спортшылар іріктеліп, олар алдағы уақытта облыстық жарыстарда өнер көрсететін болады.




