ЕРКІҢДІ БІЛДІР, ТАҢДАУЫҢДЫ ЖАСА!

Жаңалықты бөлісіңіз:


Қыркүйектің 1-күні ел Президенті «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Қасым –Жомарт Тоқаев ел өміріне қатысты көптеген мәселелерді ортаға салды. Соның бірі – елімізде Атом электр станциясын салуға қатысты ойын ашық білдірді.

«Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын» деген Президент «ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс» екенін алға тарта отырып, Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу туралы шешімге келгенін жеткізді. Референдум күні 6-қазанға белгіленді.
АЭС туралы қоғамда пікірталасс бұрыннан да бар болатын. Мәселе референдумға қойылғаннан кейін бұл тақырып төңірегіндегі ой, пікір, ұсыныс тіпті, ұлғая түсті. Жақтаушылар да, даттаушылар да өздерінің ұстанымдарын қалың көпшілікке жеткізіп жатты. Осы уақыт ішінде халқымыз өз байламын жасап үлгерді деген ойдамын. Өйткені, менің ойымша, АЭС-тің пайдасы туралы да, зияны жөнінде де әбден жеріне жеткізіле айтылды. Күдігі сейілген де , керісінше, күмәні қоюланған да көңілдер бар. Ақпарат әралуан, ал, оны қалай қабылдау, ой қорыту әрине, әркімнің өз деңгейіне байланысты.
«Шегінерге жол жоқ» демекші, 6-қазан күні – референдум. Қандай шешімге келдіңіз, солай дауыс бересіз. Өз жүрегіңіздің әміріне, көңіліңіздің қалауына бағынатын сәтке жеттіңіз. Ешкім ешкімге нұсқау бере алмайды. Ең бастысы, референдум учаскесіне барып, бюллетеньді алып, өзіңіз қалағандай белгілеген дұрыс болмақ. «Әркімнің дауысы маңызды» деген сөз бекерге айтылып тұрмағанын түсінуіміз керек. Елдің болашағына алаңдайтын болсаңыз қазанның 6-сына референдум учаскесінен табылыңыз! Еркіңізді білдіріп, таңдауыңызды жасаңыз!
Таразының қай жағы басым түседі, келешегімізді анықтайтын да сол ТАҢДАУ болады. Баршаңызды референдумға барып, дауыс беруге шақырамын!
Мұса ТІЛЕУОВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы
.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *