жаңалық
Вт. Мар 25th, 2025
Жаңалықты бөлісіңіз:

Еңбек адамы – қоғамның нағыз тірегі. Ол өз маңдай терімен, адал еңбегімен дамудың, өсіп-өркендеудің негізін қалайды. Қай саланы алсақ та, еңбексүйгіш жандардың арқасында үлкен жетістіктерге жетіп отырмыз.Еңбек адамының ең басты қасиеттері – төзімділік, табандылық және адалдық. Қарапайым жұмысшыдан бастап, ғылым, медицина, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларындағы мамандардың барлығы өз еңбегімен қоғамға үлес қосады.Қазақ халқында «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген дана сөз бар. Бұл – адал еңбектің әрдайым жемісті болатынын көрсететін нақыл. Сондықтан еңбек адамына әрдайым құрмет көрсетіп, оның еңбегін бағалау – біздің міндетіміз.

Нұрбибі Әбілхан, жастар ресурстық орталығы маманы

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *