Еңбек адамы – кез келген қоғамның негізі. Ол – еліміздің дамуына үлес қосатын, күнделікті өз ісімен елдің әл-ауқатын арттыру үшін аянбай еңбек ететін азамат. Бүгінгі күнде олардың сіңірген еңбегін бағалау, құрмет көрсету аса маңызды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та еңбек адамдарын қолдаудың маңыздылығын айрықша атап өтті. Ол өз сөзінде: “Еңбек адамы – біздің ең үлкен байлығымыз. Жұмысшылардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғау, қолдау көрсету – біз үшін басты міндет,” – деп атап көрсеткен болатын.
Еңбек адамдары – экономиканың қозғаушы күштері. Олар ауыл шаруашылығында, өндірісте, құрылыста, білім беру мен медицинада, бір сөзбен айтқанда, барлық салада аянбай қызмет етеді. Олар тек қана материалдық құндылықтарды ғана емес, сонымен қатар қоғамның рухани байлығын да еселейді.
Жұмысшы адамдардың еңбегін қолдау мақсатында мемлекет түрлі бағдарламалар жүзеге асырып келеді. Еңбек қауіпсіздігін сақтау, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету – бұл бағыттағы маңызды жұмыстардың бірі. Президентіміздің бастамасымен еңбекшілердің жағдайын жақсартуға арналған жаңа саясаттар енгізіліп, олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар қолға алынуда.
Еңбек адамына құрмет көрсету – бұл әлеуметтік жауакершілік қана емес, бұл – әрбір азаматтың борышы. Ол өзінің маңыздылығын еселеп, қоғам үшін зор үлес қосатын тұлға. Осындай еңбекқорлық пен адалдыққа сүйене отырып, біз еліміздің болашағын бірге құрамыз. Еңбек адамының мәртебесі әрдайым биікте болуы тиіс!
Аяжан Төлегенова, жастар ресурстық орталығы маманы