Жезқазған қаласында «Конституциялық реформа- елдің ұзақ мерзімі дамуының негізі» тақырыбындағы сарапшылық форум өтті.
Форум модераторы Жиенбаев Абзал Бақытұлы, «Ауыл» партиясы Ұлытау облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Жиенбаев Абзал Бақытұлы болды. «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Сейтжанов Қуаныш Қабыкенұлы форумға арнайы келіп қатысып, өз пікірін білдірді.
«Қоғамдық келісім» РММ жетекші сарапшысы Ибраев Ержан, Ұлытау облыстық Қоғамдық даму басқармасының қызметкері Құрмаш Нұрбол Жездібайұлы, тіл жанашыры, қоғам белсендісі, «Мейірім құшағы» комиссиясының және Жезқазған қаласының Аналар кеңесінің мүшесі Токишова Ақжарқын Ғалымқызы және – ULYTAU телеарнасы креатив директоры, облыстық мәслихат депутаты Үмбетова Базаркүл Сейтжанқызы тиісті баяндамалар жасады.
Форум барысында жаңартылған Конституцияның елдің саяси жүйесін жетілдірудегі, қоғамдық келісімді нығайтудағы және тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі маңызы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, мазмұнды ұсыныстарын ортаға салды.





