«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өз жұмысын қалалық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жалғастырды. Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасында ұсынылған өзгерістердің мазмұны мен маңызын жан-жақты түсіндірді.
Іс-шараға кітапхана қызметкерлері қатысып, реформалардың негізгі бағыттары туралы кеңінен ақпарат алды. Коалиция өкілдері Конституцияға енгізілетін түзетулердің құқықтық негіздеріне тоқталып, олардың ел дамуы мен қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық форматта өткен жиында жаңа Конституция жобасының жария талқылаудан өтуі – әр азаматтың мемлекет өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беретін маңызды қадам екені айтылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулердің басты мақсаты – тұрғындарға референдумның мәні мен мазмұнын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Шара соңында коалиция мүшелері кітапхана ұжымына белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасатынын жеткізді.




