Жаңалықты бөлісіңіз:

Еңбектің қадірін білген халық – рухы мықты, болашағы жарқын халық. Қарапайым күнде тер төгіп, маңдай терімен нәпақасын тауып жүрген әрбір еңбек адамы – елдің көркеюіне, қоғамның алға басуына үлес қосып жүрген нағыз батыр!
Таңның атысынан кештің батысына дейін, елеусіз қалып жатса да, ел игілігі үшін адал қызмет етіп жүрген жандарға тағзым етеміз. Олар – ұстаз, дәрігер, құрылысшы, тазалықшы, механик, сатушы, фермер… Әр мамандық – ел тірегі. Әрбір еңбек адамы – ұлт мақтанышы.
Еңбек – адамның адам болып қалыптасуының, рухани кемелденуінің негізі. Адал еңбекпен өмір сүрген жан әрқашан құрметке лайық.
Бүгінгі бейбіт өмір, тұрақты даму – еңбекқор жандардың маңдай терінің нәтижесі.
Ендеше, әрбір еңбек иесіне шын жүректен алғыс білдіріп:
“Еңбегіңе мың тағзым!” – дейік.
Еңбек – елді біріктіретін, қоғамды алға жетелейтін ең ұлы құндылық!

Қанағат Аманбаев, белсенді жас

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *