2025 жыл – Жұмысшы мамандық жылы деп жарияланды.
Бұл – қоғамның нағыз тірегіне айналған жұмысшы мамандық иелеріне деген зор құрметтің белгісі.
Құрметті еңбек адамдары!
Сіздердің маңдай терлеріңізбен, адал еңбектеріңізбен ел экономикасы дамып, қоғам алға жылжуда.
Сіз – құрылысшы боласыз ба, дәнекерлеуші, механик, ұстаз не аула сыпырушы – әр мамандықтың өз орны бар, қадірі биік!
Бүгін – сіздердің мерекелеріңіз!
Қажырлы еңбектеріңізге алғыс білдіре отырып, денсаулық, табыс және кәсіби шабыт тілейміз!
Сания Мұхаметшина, жеке кәсіпкер