ДОСТЫҚТЫҢ ДӘНЕКЕРЛЕРІ

Жаңалықты бөлісіңіз:

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтеді. Осы қарсаңдла  Ұлытау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы болып  өтті.  Кеңес отырысына облыс әкімі   Дастан Рыспеков қатысты. Ол Кеңес мүшелерін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Еліміздегі бірлік пен татулықтың, қоғамдық келісімнің  салтанат құруындағы  маңызын айрықша атап көрсеткен облыс басшысы  Ассамблея мүшелерінің    «Достықтың дәнекерлері» екенін атап көрсетті.

 Қазақстан халқы бірлігінің үлкен тірегіне айналған Ассамблеяның мүмкіндіктері әлі де өз дәрежесінде пайдаланып жатқан жоқ. Әрине, еліміздегі  этностарды бір мақсатқа, бір бағытқа  ұйыстыра отырып, бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізін қалаған Ассамблея  татулық пен бірліктің негізгі қайнарларының бірі екендігі даусыз. Ал, елдің іргелі мемлекетке айналуы ынтымақ, бірлікке тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті.

Кеңес отырысында толғақты мәселелер де қозғалмай қалмады. Ұлтаралық татулықты нығайта түсу ешқашан күн тәртібінен түспеуге тиісті.  Сондықтан да, аймақта бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылғаны дұрыс? Міне, осы мәселе жөнінде кеңінен әңгіме қозғалып, түрлі ойлар ортаға салынды. Алдағы уақытта атқарылатын нақты міндеттер белгіленді.

Жиын соңында облыс басшысы Ассамблеяның  бірқатар мүшелеріне  мерейтойлық медаль табыстады. Олардың қатарында Сәтбаев қаласының өкілдері де болды.

Ай НҰР.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *