Елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын насихаттау мақсатында арнайы әлеуметтік ролик түсірілді. Бейнероликтің негізгі мақсаты – тұрғындарды тазалық сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға және туған жерге жанашырлықпен қарауға шақыру.
Ролик барысында көшелерді тазалау, ағаш отырғызу, қоғамдық орындарды ретке келтіру сынды жұмыстар көрсетілген. Сонымен қатар акцияға жастар, еріктілер мен қала тұрғындарының белсенді қатысуы бейнеленген.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бейнероликтер халықтың экологиялық мәдениетін арттырып, қоғам назарын тазалық мәселесіне аударуға мүмкіндік береді.
«Таза Қазақстан» – бұл тек бір реттік шара емес, ол әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды бастама. Таза орта – жарқын болашақ кепілі.




