Діни білім мен таным негіздері және зайырлылық

mosque, islamic, religion, building, architecture, dome, facade, exterior, sacral architecture, mosque, mosque, islamic, islamic, islamic, islamic, islamic
Жаңалықты бөлісіңіз:

Еліміздің азаматтарына діни білім алу үшін бар мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар зайырлы көзқарастағы бағытта да білім беру жүйелі жолға қойылған.

    Соның бір айғағы діни білім алуға құштар жастарымыз алысқа бармай-ақ, бүгінде шет елдердегі оқу орындарымен теологиялық білім беруде, мықты мамандар даярлауда иық тірестіре алатын Нұр – Мүбарак универсиетін ауыз толтырып айтуға болады. Жалпы адамның сенімі, ол оның өмір салтына үлкен әсер етері сөзсіз. Осы орайда көпшілікке мәлім мына хадисте: “طلب العلم فريضة على كل مسلم ومسلمة” «Білімді іздеу – әрбір мұсылман еркекке де, әйелге де  парыз» деп білім іздеуді еркек әйел бәріне міндет еткен. Мына хадисінде «Ғылымның өшіп, надандықтың жайылуы қияметтің белгілерінен» (Муслим, Илм, 8) деу арқылы білімсіздіктің етек алуын қияметтің белгілерінен саналатынын көрсетіп, ескертіп кеткен. Негізінен Алла Тағаланың кітабында және Оның Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде ілім (ғылым) сөзі жалпылай түрде келген. Сондықтан бұл сөз жақсылыққа бастайтын, жер бетін гүлдендіруге, адамдарға қажетті барлық пайдалы ғылымдарға қатысты кең мағынаны қамтиды.

Әліде болса айтарым бізде діни білім іздеген адамдар арасында жат ағымға еріп, өздерін жоғалтып алаушылар қатары көптеп кездеседі. Бәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ дегендей, білместіктің, дін сауаттылықтың төмендігінен деструктивті діни ағым өкілдеріоларды жылдам қақпанына түсіріп алуда. Қой терісін жамылған дәстүрлі емес діниағымдар адамды жынысына, ұлтына немесе нәсіліне қарамайды. Олардың басты мақсаты – өздерінің идеологиясын адам санасына сіңіру. Жау жоқ деме, жар астында демекші жат ағымдардың жолын кесу мақсатында біздің өңірімізде діни бірлестіктермен және мемлекеттік органдар, діни сауатты, ең мықты деген теологтар мен психолог мамандар үздіксіз  жұмыстар атқарып, кейбір дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегіне еріп кеткендердің көзқарастарын дұрыс бағытқа өзгертіп, олардың діни сауаттылығын арттырып, дұрыс ақпарат беруде жүйелі жұмыстар атқаруда.

Ізтөлеу Түсіпов

Облыстық ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *