Бүгінгі күнде Қазақстандағы мемлекеттік қызметжүйесі терең әрі мазмұнды жаңғыру үдерісін бастанкешіруде.
Бұл өзгерістердің негізінде меритократия қағидатыжатыр. Яғни, мемлекеттік қызметке қабылдау жәнемансаптық ілгерілету үдерістері адамның жекеқабілетіне, кәсіби біліміне, тәжірибесіне және нақтыеңбек нәтижелеріне сүйенеді.
Бұл – тиімді әрі сапалы мемлекеттік аппарат қалыптастыруға бағытталған стратегиялық ұстаным.
Мемлекет басшысының бастамасыменқабылданған стратегиялық құжаттар мен заңнамалықактілер реформалардың институционалдық негізіннығайтты.
Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызметі туралы» Заңда меритократия мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының біріретінде нақты бекітілген. Заң нормалары мемлекеттікқызметшілердің кәсіби дайындығы мен жекежетістіктерін әділ бағалауды, сондай-ақ мансаптықөсудің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етугебағытталған.
Нәтижесінде, қызметтік ілгерілеу формалды еңбекөтіліне ғана емес, нақты нәтижелерге, құзыреттердеңгейіне және жауапкершілік ауқымына тәуелді бола бастады.
Бұл тәсіл мемлекеттік аппараттың сапалыққұрамын арттыруға, басқарушылық шешімдердіңтиімділігін күшейтуге және ең бастысы – қоғамныңмемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуғамүмкіндік береді. Әділдік пен ашықтыққа негізделгенжүйе кәсіби бәсекелестікті қалыптастырып, таланттыкадрлардың мемлекеттік қызметке келуіне жол ашады.
Мансаптық өсудің негізгі тетіктері
Мемлекеттік қызметшілердің мансаптық дамуыбірнеше маңызды құрал арқылы жүзеге асырылады.
Біріншіден, қызмет нәтижелерін бағалау жүйесіенгізілген. Әрбір қызметшінің жұмысы нақтыкөрсеткіштер мен индикаторлар негізінде бағаланады. Бұл бағалау нәтижелері көтермелеу, кәсіби оқытуғажіберу немесе жоғары лауазымға ұсыну кезінде негізгіөлшем ретінде қолданылады. Аталған жүйе еңбектіәділ бағалауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, конкурстық іріктеу тетігі тиімді жұмысістейді. Бос лауазымдарға ашық конкурс жариялауарқылы тең мүмкіндік қағидаты қамтамасыз етіледі.
Үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері жан-жақты сараланып, объективті шешім қабылданады. Бұл кадр іріктеудегі субъективтілікті азайтып, ашықтық мәдениетін нығайтады.
Үшіншіден, оқыту және кәсіби даму жүйесі үздіксізжетілдірілуде.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігінарттыруға, басқарушылық және көшбасшылықдағдыларын дамытуға бағытталған бағдарламаларолардың кәсіби әлеуетін тұрақты түрде жаңартуғамүмкіндік береді. Осылайша, үздіксіз білім алуқағидаты мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігінеайналды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ішкі конкурс арқылы тағайындалған
44 мемлекеттік қызметшінің 36-ы бұрын төменгілауазымдарда еңбек еткен.
Бұл мансаптық өсудің 81% құрайды және жүйеніңтиімділігін, кадрлық ілгерілеудің әділ жүзегеасырылып жатқанын көрсетеді.
Кадрлық резерв – болашақ басшылар мектебі
Меритократия қағидатын іске асырудың маңыздықұралдарының бірі – кадрлық резерв жүйесі. Бұлбағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметістері агенттігі Президенттің тапсырмасына сәйкесПрезиденттік жастар кадр резервін және өңірлік кадр резервтерін қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде.
Президенттік жастар кадр резерві – дарынды, бастамашыл әрі кәсіби жастарды мемлекеттік басқаружүйесіне тартуға бағытталған стратегиялық жоба. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрып, кандидаттардыңбілімі, тәжірибесі, стратегиялық ойлау қабілеті мен көшбасшылық әлеуеті кешенді түрде бағаланады. Резервке енген жастар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда жауапты қызметтергетағайындалып, ел дамуына үлес қосуда.
Өңірлік кадр резервтері осы мақсатты жергіліктідеңгейде жүзеге асырады.
Олар өңірдің ерекшеліктерін жақсы білетін, әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін бере алатынбасқарушы кадрларды қалыптастыруға ықпал етеді.
Мәселен, Ұлытау облысының өңірлік кадр резервінде 20 резервші болса, олардың 7-і (35%) басшы лауазымдарға тағайындалған. Бұл көрсеткішжүйенің практикалық тиімділігін айқындайды.
Стратегиялық бағдар – сапалы мемлекеттікаппарат
Алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттар да айқындалған.
2024–2029 жылдарға арналған Мемлекеттікқызметті дамыту тұжырымдамасы меритократия қағидатын одан әрі нығайтуды, HR-процестердіцифрландыруды және кадр саясатының ашықтығынарттыруды көздейді. Бұл шаралар мемлекеттікқызметті жастар үшін тартымды әрі бәсекеге қабілетті, ал қоғам үшін тиімді әрі нәтижелі институтқаайналдыруға бағытталған.
Қорытындылай келе, Қазақстандағы мемлекеттікқызметтегі мансаптық өсу жүйесі – әділ бәсекеге, кәсібилікке және үздіксіз дамуға негізделген заманауимодель. Мұндай жүйе мемлекеттік басқару тиімділігінарттырып қана қоймай, ұзақ мерзімді ұлттық дамуғақызмет ететін жауапты әрі білікті кадрлар корпусынқалыптастыруға берік негіз қалайды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агеттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің
Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Д.Ерғали




