CƏТБАЕВТАҒЫ АВТОБЕКЕТ ЖАҢАРАДЫ

Жаңалықты бөлісіңіз:

Ұлытау көшесінде орналасқан автобекеттің сырты жаңарып, жан-жағы абаттандырылады. Жөндеу жұмыстары нысан иесі «Нұр-Транс Сәт»ЖШС мекемесі тарапынан маусым айында басталады. Жөндеу жұмыстары аясында нысанның қасбеті толық жаңарып, кеңейтіледі. Әкімдік тарапынан абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жылы аялдама орнату жоспарланған. Қалада екі тасымалдаушы қызмет көрсетеді. «Қожахметов» ЖК және «НұрТрансәт» ЖШС. «Қожахметов» ЖК тасымалдаушысы, өз қаражат есебінен жақын уақытта 104 маршрут бағытында жолаушыларды тасымалдайтын 2005 жылғы НЕФАЗ автобусын, 2014 жылғы КАВЗ 4238 автобусына жаңартпақ. Одан бөлек, жаңа «ПАЗ» маркалы автобусын сатып алды. «Нұр Трансәт» ЖШС тасымалдаушысы, жақын уақытта жаңа «ПАЗ» маркалы автобус сатып алмақ.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *