Бүгін Ұлытау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасына арналған брифинг өтті

Жаңалықты бөлісіңіз:

Кездесу барысында «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мырзабеков Ерлан Батырбекұлы жобаның негізгі мақсаттары мен өңірдегі жүзеге асу барысы туралы баяндады.
«Қарызсыз қоғам» – қаржылық сауаттылыққа жол
Жоба Қазақстан азаматтарына қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуге, қарыздардан арылуға және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге көмектесуді көздейді. Оның аясында қаржылық сауаттылық деңгейін 30%-ға арттыру, жыл сайын 500-ден астам білім беру іс-шараларын өткізу, сондай-ақ қатысушылардың тұтыну қарыздарын 20%-ға төмендету жоспарланған.
Жобаның негізгі бағыттары:

  • Алаяқтықтан қорғану – 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанда интернет-алаяқтыққа қатысты 9 936 оқиға тіркелген. Жоба азаматтарды қаржылық алаяқтардан қорғану жолдарына үйретеді.
  • Банкроттықтан шығуға көмектесу – Заңгерлер борышкерлерге сотқа дейінгі банкроттық рәсімдерін қолдану бойынша кеңес береді.
  • Борышкерлерге қолдау – 90 күннен астам қарызы бар азаматтар үшін қарыздарды қайта құрылымдау мүмкіндіктері қарастырылады.
  • Ойынқұмарлықтан арылу – Психологтар мен заңгерлер лудоманиядан зардап шегетіндерге көмек көрсетеді.
  • Бизнеске қолдау – Жоба кәсіпкерлерге «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша несиелік құжаттарды рәсімдеуге көмектеседі.
    Ұлытаудағы жобаның нәтижелері
    2024 жылы Ұлытау облысында жоба аясында 2 900 адам оқып, арнайы сертификат алды. Бұл жоспардың 116%-ға орындалғанын көрсетеді. 2025 жылы 2 700 адамды оқыту көзделіп отыр.
    Биыл 90 күннен артық қарызы бар азаматтарды оқыту басты талаптардың бірі болып отыр. Жоба онлайн және офлайн форматта өтеді. Сарапшы маман Аслан Салауатов Ұлытау қаласындағы «AMANAT» партиясының ғимаратында (Ғарышкер, 35) қабылдау жүргізуде.
    Борышкерлерге маңызды хабарлама
    Жоба аясында Ұлытау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы борышкерлермен жұмыс істеп, олардың жеке нөмірлеріне хабарласып, көмек ұсынады. Бұл заңды жоба аясындағы жұмыс екенін ескеріп, қоңырауларға сенім білдіруді сұраймыз. Жобаға қатысқан азаматтар заңгерлерден тегін кеңес алып, қарыздарын қайта құрылымдауға, бұғатталған шоттарын ашуға мүмкіндік алады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *