Референдум -2026
Все статьи

Референдум -2026
Как проголосовать вне места регистрации на выборах 15 марта 2026 года

Референдум -2026
Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері

Референдум -2026
ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!

Срочно
Референдум -2026
Ұлы Абай өлкесіндегі ашық әңгіме: Ерлан Қарин Мемлекет басшысы неге Тәуелсіздік пен Егемендік сөздерін бас әріппен жазатынын түсіндірді Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері Абай облысының жұртшылығымен кездесті. Кездесу барысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин Президенттің Егемендік және Тәуелсіздік сөздерін неліктен бас әріппен жазатынына тоқталып өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы түрлі құжаттармен жұмыс істегенде, өзінің сөйлейтін сөздерінде Егемендік және Тәуелсіздік ұғымдарын әрдайым бас әріппен жазады. Өйткені, Президент қоғамдық санада бұл сөздердің ерекше құндылық ретінде орныққанын қалайды. Ата Заңның жаңа мәтінінде де осы ұстаным сақталды. Неге?! Себебі, бұлар қоғамдық санада қасиетті және қастерлі ұғымдар болып бекітілу үшін. Әсіресе, жастардың санасында. Бұл мағынасы жағынан маңызды әрекет», – деді Ерлан Қарин. Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, жаңа Конституцияда бұл терминдердің жиі қолданылуы оның мемлекеттілікті күшейтудегі рөлін айқындайды. Атап айтқанда, 1995 жылы қабылданған Ата Заңда «Егемендік» сөзі 3 жерде кездеседі. Ал жаңа Конституцияда 6 жерде қолданылған. Сол секілді «Тәуелсіздік» сөзі ескі Ата Заңда небары 1 рет аталса, жаңа Конституцияда 4 жерде қолданылған. Сондай-ақ, Ерлан Карин бұл ұғымдардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі құқықтық орны мен оларды қорғау тетіктеріне баса назар аударды. Оның сөзінше, Егемендік пен Тәуелсіздік Жаңа Конституцияда мемлекет қызметінің ең бірінші негіз құраушы қағидаты ретінде бекітілді. «Жаңа Ата Заңның «Конституциялық құрылыс негіздері» деп аталатын І-бөлімінің 3-бабында Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаты – «Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау» деп анық жазылған. Яғни, Егемендік пен Тәуелсіздікті дамыту немесе нығайту деп емес, қорғау деп айқын көрсетілген. Бұл ұғымды да Жаңа Конституцияға Мемлекет басшысының өзі енгізді», – деп нақтылады ол. Сөз соңында Мемлекеттік кеңесші Тәуелсіздік пен аумақтық тұтастық мәселелерінің мызғымастығына және бұл құндылықтардың ешқашан талқыланбайтын норма екеніне тоқталды. «Бұған қоса, Жаңа Конституциядағы 2-баптың 2-тармағында жазылғандай, «Қазақстан Республикасының Егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын, бөлінбеуін қамтамасыз етеді». Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейді». Бұл туралы жаңа Ата Заңның 2-бабының 7-тармағында нақты жазылған. Яғни, Егемендік, Тәуелсіздік, Аумақтық тұтастық қоғамда мәселе ретінде ешқашан талқыланбайды. Тіпті, референдумға да шығарылмайды. Мемлекет басшысы 2021 жылы өз мақаласында жазғандай, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат». Енді бұл сөз біздің күнделікті өмірде ұстанатын ұранымыз және Ата Заңымыздағы маңызды норма болып бекітілді», – деп түйіндеді Ерлан Қарин

Референдум -2026
Республиканский референдум 2026 года: порядок получения и использования открепительного удостоверения

Референдум -2026
Айбек Дадебай: Президент лично участвовал в подготовке текста новой Конституции

Референдум -2026
Ұлытау жастары Жаңа Конституцияны қолдайды

Референдум -2026
Жаңа Конституция жобасы – болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат

Референдум -2026
Конституциялық өзгерістер – азаматтар пікір алаңында

Референдум -2026
Сәтбаевта «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының кездесуі өтті

Срочно
Референдум -2026
Бұл - іргелі ілгерілеудің көрінісі

Референдум -2026
Жаңа Конституция референдумы: Ел болашағына бастар қадам

Референдум -2026
Жаңа Конституция және референдум: ел дамуының жаңа кезеңі

Референдум -2026
Жаңа Конституция – ел болашағына бастайтын маңызды қадам

Референдум -2026
Жаңа Конституция – әділдік пен заманауи басқаруға берілген жауап

Референдум -2026
Дания Еспаева: Мемлекет кәсіпкердің бизнесі мен меншігін қорғауға міндетті

Референдум -2026
Нұрлан Әуесбаев: Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығы қорғалады

Референдум -2026
Почему из проекта новой Конституции был исключён термин «ежегодный отпуск»?

Референдум -2026
Магеррам Магеррамов: В проекте новой Конституции каждый гражданин чётко защищён от произвольного ограничения своих прав по политическим мотивам

Референдум -2026
