Кеше еліміз үшін маңызды күн болды. Бір жылдан бері талқыға түскен АЭС құрылысы бойынша референдум өткені бәрімізге мәлім. Пікірлер сан түрлі болғанымен, осы күнге дейінгі жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының арқасында кеше дауыс беруші адам көп болды. ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелері бойынша мәліметіне сүйенсек, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% құраса, Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтар осы халықтың 71,12% құрады. Бұл әрине көңіл қуантарлық цифралар десек те болады. Әр қазақстандық ой елегіне салып, өзінің дұрыс таңдауын жасады деп білемін. Ендігі таңда бізді алдымызда үлкен жұмыстар күтіп тұр, Осы ісіміз сәтімен басталып, елімізге үлкен нәтижелі әрі пайдалы құрылыс болады деген сенімдеміз. Еліміздің болашағы әрдайым жарқын, келешегі кемел болса деймін!
Жайық Мұңсызбаев,
ҚР Құрметті энергетигі, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы