№46 референдум учаскесі – Сәтбаев қаласындағы Абай атындағы №4 мектеп – лицейінде орналасқан. Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Ерболатұлы Бөрібаев осы учаскеге келіп өз таңдауын жасады.
- Бүгін референдумда дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күндердің бірі. Мұндай сәттерде әр азамат өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге үлес қосады.
Референдум – халықтың пікірін білдіретін, ел дамуының келесі бағытын айқындайтын маңызды тетік. Осындай жауапты сәтте дауыс беру – елге деген жанашырлық пен жауапкершіліктің көрінісі.
Бүгінгі таңдау – ертеңгі даму жолының бір бөлігі - деп жазды ол өзінің фейсбук әлеужелідегі парақшасында.




