Қазіргі таңда Қазақстанның энергетикалыққауіпсіздігін қамтамасыз ету және болашақұрпақ үшін тұрақты энергия көзін дамытумәселесі өзекті болып отыр. Бұл тұрғыда АЭС құрылысы маңызды тақырыптардың біріретінде қоғамда талқылануда. Алайда, мұндайүлкен жоба туралы шешім қабылдау алдындахалықтың пікірі мен мемлекет басшысыныңжолдауына назар аудару өте маңызды.
Қазақстанда энергетикалық сұраныс жыл санапартып келеді. Қазіргі таңда елдің электрэнергиясын өндіру құрылымы көмірстанцияларына тәуелді, ал бұл экологияға кері әсеретеді. АЭС көмірге қарағанда анағұрлым таза жәнетұрақты энергия көзі болып табылады. Атом энергиясы парниктік газдарды шығармайды жәнеатмосфераға зиянды қалдықтарды тастамайды, бұлэкологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудің біржолы.
Көптеген дамыған елдер, соның ішіндеФранция, АҚШ, Жапония, Қытай және ОңтүстікКорея, атом энергиясын пайдаланады. Бұл елдерядролық энергетика арқылы өздерініңэнергетикалық қауіпсіздігін арттырып, ұлттықэкономикаларын тұрақты дамытуға қол жеткізді. Қазақстан да әлемдегі уран қорларының ең ірі иесіретінде атом электр станциясын салу арқылы өзэнергетикалық ресурстарын тиімді пайдалануғамүмкіндік алады.
АЭС құрылысы кезінде басты назарқауіпсіздікке аударылады. Қазіргі заманғы атом электр станциялары заманауи технологиялардыпайдаланып, адам мен қоршаған ортаға қауіп-қатерді барынша азайтуға мүмкіндік береді. Бұлсаладағы халықаралық стандарттар мен келісімдерқауіпсіздік жүйелерін үнемі жетілдіріп отырудыталап етеді. Қазақстан үшін де бұл маңызды аспект болып табылады, өйткені елдегі ядролықөнеркәсіпті дамыту үшін ең озық технологиялардықолдану қажет.
АЭС құрылысы – халықтың өміріне тікелейәсер ететін шешім. Сондықтан қоғамның пікірі бұлмәселеде шешуші рөл атқаруы тиіс. Референдум өткізу – халықтың пікірін ескерудің ең тиімдіжолы. Бұл үдеріс ашықтықты, сенімділікті жәнежауапкершілікті қамтамасыз етеді.
Президент жолдауында референдум өткізуқажеттілігі айтылды, өйткені бұл шешім тек экономикалық ғана емес, сонымен қатарэкологиялық және әлеуметтік аспектілердіқамтиды. Халықтың қатысуы арқылы үкімет бұлжобаның қаншалықты қолдау тапқанын анықтап, ортақ шешім қабылдай алады.
Төлегенова Аяжан,
Жастар ресурстық орталығы маманы