Мемлекет басшысы елімізде атом электр станциясын салу мәселесі референдум арқылы шешілетінін осыдан біраз уақыт бұрын жариялаған болатын. Бір жылға жуық мамандар арасында, қоғам ішінде бұл мәселе талқыланып, зерделеу жұмыстары жүрді. Биылғы Жолдауында Президлент 6 қазанда референдум өтетінін жариялады. Содан бері түсіндіру жұмыстары қарқын алып, халық тарапынан да осы мәселеге қызығушылық артты. Осы орайда халықтың біраз бөлігін алаңдатып отырған мәселелер де жоқ емес. Солардың бірқатарына жауап іздеп көрсек.
Ең бірінші мәселе – АЭС-тің табиғатқа келтіретін зияны. Бұл ретте көпшілік егер станция Балқаш көлінің маңайына салынса ол өңірдің өсімдіктер және жануарлар әдеміне нұқсан келе ме деп алаңдайды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ теориялық және ядролық физика кафедрасының аға оқытушысы, ядролық физика институтының жетекші ғылыми қызметкері Бағдәулет Мұхаметұлының айтуынша, АЭС флора мен фаунаға әсер етпейді. Мәселен, Фрнцияда 56 реактор бар. Олар флора мен фаунаға әсер ететін болса, онда Францияның жағдайы өте нашар болатын еді.
Жапониядағы апаттан кейін кей адамдарда «Фукусима фобиясы» қалыптасты. Түрлі табиғи, техногенді апаттар салдарынан АЭС табиғат пен халық денсаулығына зардап әкеледі деген қауіп бар. Бірақ, мәселеге бүгінгі ғылым мен технология жетістіктері тұрғысынан қарасақ, бұл алаңдаушылықтың да негізсіз екеніне көз жеткіземіз. Қазіргі таңда АЭС салуға ұсынылып отырған өңірлердің бірі – Балқаш жағалауындағы Үлкен ауылы. Бұл өлкеде Кеңес Одағы кезінде, сарапшылардың айтуы бойынша, АЭС немесе жылу электр станциясын салмақшы болған. Бұл өңірлердің барлығы зерттеліп, сарапшылардың бастамасымен ойластырылған. Яғни сейсмикалық, геологиялық, метеорологиялық жағынан қолайлы жердің бірі болды. Сол себептен қазірдің өзінде де біздің мемлекет сол жерді таңдап отыр. Одан басқа электр желілерінің торабы, оңтүстік пен солтүстікті қосатын магистральдар бар. Сол себептен ол аймақ қолайлы болып еспетелген.
Көпшіліктің көкейінде жүрген тағы бір сұрақ, жалпы АЭС елге не береді? Одан келетін пайда қандай?
Оның жауабы да – қарапайым. Қазіргі таңда электр энергиясын Қазақстан көршілес Ресей Федерациясынан және Қырғызстаннан алуға мәжбүр болып отыр. Күнделікті қуаттылығы 2 МгВ дейінгі энергияны сатып алып жатырмыз. Егер елімізде АЭС салынса, электр қуатын өзге елдерден алмай, тұрақты көз ретінде өз елімізде өндіретін боламыз. Одан бөлек АЭС салу үшін сегіз мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады, кішігірім бизнес ашылады. Жаңа жол тораптары жасалады, мектеп пен аурухана салынады. Бұдан бөлек, түрлі ұтымды тұстары көп болмақ. Ал АЭС жұмыс істеген кезде, 2 мың маман жұмыс істейді. Сол өңірдің инфрақұрлымдық әлеуеті артады. Ең бастысы, тұрақты электр көзі болмақ. Жел электр станциялары мен күн электр станцияларымен салыстырғанда, пайдалы әсер коэффициенті 90% болмақ. Ал күн электр станциясының пайдалы әсер коэффициенті 19-20%, желдің пайдалы әсер коэффициенті 35-40%-ға дейін жетеді. Салыстырмалы тұрғыда бізге ең пайдалысы АЭС болмақ.
Елімізде АЭС салынған күнде, оның қуаттылығы 2-4, 2-8 ГБ құрайтын болса, ол Қазақстанның энергетикалық жағына 10-12% үлесін қосады.
АЭС салу ісінде көпшілік маман тапшылығын да алға тартады. Қазақстанның бұл салада тәжірибесі аз деп санайтындар да бар. Шын мәнінде, жағдай олай емес. Қазіргі таңда Үкіметке ұсынылып отырған 4 реактор бар. Ол – Франция, Ресей, Қытай және Оңтүстік Корея мемлекеттерінің реакторлары. Осы реакторлардың типтері – су реакторлары. Қауіпсіздік жағынан дәрежесі жоғары реакторлар. Осы типті еліміз айырықша таңдап отыр. Айта кетейік, осы мемлекеттер реактор салудан жан-жақтағы алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Яғни олардың тәжірибелік құзыреттілігі өте жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Сондықтан осы елдердің реакторларын қарастырып отырмыз. Қазіргі уақытта қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беретін жаңа жетістіктер мен әзірлемелерді пайдалана отырып, жаңа буын III немесе III + АЭС-тің құрылысы қарастырылуда, бұл апат қаупін азайтады. Жаңа буын реакторларының басты ерекшелігі – станцияны сыртқы және ішкі әсерлерге барынша төзімді ететін белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерінің бірегей үйлесімі. Қазіргі заманғы үшінші буын станцияларында ауыр апат ықтималдығы жылына 10-7 оқиғадан аз – 10 миллион жыл ішінде бір ғана апат болуы мүмкін. Станциялар құнының 40% дейін қауіпсіздік жүйелеріне кетеді.
Ал АЭС салынып, энергия тапшылығы шешілсе, әлімдік тәжірибеде экономикаға оң серпін беретін мысалдар жеткілікті. Атап айтсақ,
Францияда 56 реактор жұмыс істеп келе жатыр. Жалпы алғанда, Францияның көлемі біздің еліміздің 5/1 ғана алып отыр. Енді анализ жасай келе, 56 реактор флора мен фаунаға әсер ететін болса, онда Францияның жағдайы өте нашар болатын еді. Яғни табиғатына зиян келтіретін уақыт болған еді. Сондай-ақ, мысал ретінде Оңтүстік Корея мемлекетін алсақ болады. Жер көлемі бойынша ол мемлекет шамамен Алматы облысындай аумақты алып жатыр, бірақ мемлекетте 26 реактор (АЭС) бар, қазіргі уақытта тағы 2 реактор (АЭС) салынып жатыр. Бұл энергия көздері елдің өнеркәсібін дамытуға үлкен үлес қосып отыр. Мысалы, электроника жасау, шикізат өндеу бағыттары, автокөлік шығару бойынша әлемде алғашқы қатарда тұрғаны елге мәлім. Осы өнеркәсіп орындарының тұрақты жұмыс істеп тұруына тұрақты энергия көздері кепіл болды.
Сөз соңында АЭС-ке қатысты ел ішінде қорқыныш туғызып жүрген сауалдарға жауап бере кетсек. -Ең бірінші миф – «АЭС қару-жарақ ретінде жарылып кетпей ме?». Жоқ, атом электр станциясы қару ретінде жарылмайды. АЭС – ешқандай да атом бомбасы емес. Салыстырмалы тұрғыда айтар болсақ, Семей полигонында қару-жарақ ретінда уранды пайдаланды. Ол уранның байытылу процесі 90% болатын. Ал АЭС-те қолданылатын уранның байытылуы 4,5-50%-дық уран. Яғни бұны қару-жарақ ретінде пайдалана алмаймыз. Ал екінші миф «Балқаш суы құрып қалмай ма, фаунасы бұзылмайды ма» деген уайымға келер болсақ, бұл жерде Балқаш суы суыту үшін пайдаланылады. Ол жаңағы радиоактивті элементтермен, радиоактивті сулармен жанаспайды және араласпайды. Яғни үйдегі тоңазытқыштардың суды суытатын фреон ретінде пайдаланамыз. Сондықтан ешқандай флора мен фаунаға әсерін тигізбейді.
Ерлан ҚАСЫМБЕКОВ,
инженер