Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фуды қабылдады

Жаңалықты бөлісіңіз:

 

 

🟦Кездесу барысында жасанды интеллект, цифрлық трансформация, венчурлық инвестиция, стартаптар экожүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаһандық технологиялық серіктестерді тарту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес жұмысына және Digital Bridge 2025 форумы аясындағы іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін Ли Кай Фуға алғыс айтты.

 

🟦Президентке қазақстандық тарап пен 01ai компаниясының AlemLLM тілдік моделін бірлесіп іске қосқаны, сондай-ақ жасанды интеллект экожүйесін дамыту мақсатындағы ынтымақтастықтың басқа да перспективті бағыттары жөнінде ақпарат берілді.

 

t.me/aqorda_resmi

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *