Президент мұғалімдер күнімен құттықтады

Жаңалықты бөлісіңіз:

 

 

🟦 Мемлекет басшысы кәсіби мерекенің – Мұғалімдер күнінің айрықша рөлін атап өтіп, педагогтар елімізде ерекше құрметке ие екенін айтты.

 

– Міржақып Дулатовтың «Ұстаз – халыққа ең үлкен пайда келтіретін адам» деген сөзі бар. Шынында да, ұстаз – әрқайсымыздың өміріміздегі өте маңызды жан. Басқаша айтқанда, ол әрбір балаға өмір жолында бағыт-бағдар береді. Педагог тек білімнің ғана емес, тәрбиенің де қайнар көзі болып табылады. Кез келген қоғамның даму деңгейі мен өркениеттілігі ұстаздарға деген құрметпен өлшенеді. Ұстаз еңбегі қадірленетін елде сөзсіз білімді ұрпақ өсіп, жарқын болашаққа қадам басады. Бүкіл педагогтар үлкен жанқиярлықпен еңбек етеді, олардың еліміздің өркендеуіне қосқан үлесі баға жетпес. Сондықтан білім саласында еңбек етіп жүрген барша отандастарымызға шынайы алғысымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

🟦 Президенттің айтуынша, озық ұлт болу үшін ең алдымен білім мен ғылымды дамытуға басымдық беру қажет.

 

– Соңғы бес жылда бұл салада ауқымды жұмыстар атқарылды. Білімге бөлінетін қаржы көлемі үш есе артты. Елімізде 1200 жаңа мектеп ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылып, оның аясында заманауи талаптарға сай 150 білім беру нысаны салынды. Қазіргі уақытта тағы 67 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуда. Бұл – қоғамға белгілі болуы тиіс жайт, өйткені мемлекет өскелең ұрпақтың біліміне және мұғалімдердің жағдайына айрықша көңіл бөліп отыр. Педагог мәртебесін көтеріп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған арнайы заң қабылданды. Мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті, – деді Мемлекет басшысы.

 

t.me/aqorda_resmi

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *