Жұмысшы мамандықтар жылы
2023 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы ретінде жарияланды. Бұл бастама – ел экономикасын дамытуда ерекше рөл атқаратын жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған бұл жыл еңбек адамына деген құрметті нығайту, жастарды кәсіби-техникалық білім алуға ынталандыру және өндірістік салаларда кадр тапшылығын азайту мақсатында өткізіліп отыр.
Жұмысшы мамандықтары – елдің даму негізі. Құрылысшылар, дәнекерлеушілер, электриктер, механизаторлар, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласындағы білікті мамандар – еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген нағыз еңбек ерлері. Оларсыз өндіріс те, құрылыс та, күнделікті тіршілік те алға баспайды.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіптік білім беруді жаңғырту, дуалды оқыту жүйесін дамыту, өндіріс орындарымен серіктестікті күшейту, колледждердің материалдық-техникалық базасын жақсарту секілді бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу бағытында түрлі байқаулар, форумдар, көрмелер ұйымдастырылып, үздік мамандар марапатталды.
Бұл жыл – жастарға өз болашағын жұмысшы мамандығымен байланыстыруға, кәсіптік білім алудың маңызын түсінуге үлкен мүмкіндік. Ел болашағы – еңбекқор, білімді, білікті ұрпақтың қолында екенін ескерсек, жұмысшы мамандықтарын қолдау – ұлт болашағына жасалған инвестиция.