жаңалық
Вт. Мар 25th, 2025
Жаңалықты бөлісіңіз:

“Мерейлі отбасы” ұлттық байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды.
Құрметті қала тұрғындары! “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының 1-ші кезеңіне құжаттарды қабылдау басталды.
“Мерейлі отбасы” ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң моделін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізу мақсаттары:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын мойындау;
2) балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын көрсету және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.
“Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер 2024 жылғы 15 мамырдан бастап 2024 жылғы 14 маусымға дейін қағаз және электрондық нұсқада қабылданады. Қосымша ақпарат алу үшін 87079658899 нөміріне хабарласуға болады

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні-2024 жылғы 14 маусым.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *